Accessibility links

"Қазақмыс": Жұмысшылар қудаланған жоқ


"Қазақмыс" корпорациясының зауыты. Көрнекі сурет.
"Қазақмыс" корпорациясының зауыты. Көрнекі сурет.
"Қазақмыс" корпорациясы басшылыққа шағымданған Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысшылары қуғын көріп жатыр деген ақпарды жоққа шығарды деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Корпорация таратқан хабарламада басшылықтың жұмысшылардың жалақы мәселесін шешуді сұрап жазған арызын елемегені, оларды жұмыстан шығарып, қуғындауы туралы ақпар шындыққа жанаспайтыны айтылған. Хабарламада жұмысшылардың арызы бойынша бірнеше кездесулер болғаны туралы да ақпарат бар.

Корпорация осы аптада кәсіпорындарда жұмысшылар біліктілігін тексеру басталғанынан мәлім етеді. Өзінің кәсіби шеберлігін көрсеткен жұмысшыға жаңа жүйе бойынша жалақы төленбек.

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдарында Жезқазған мыс қорыту зауыты жұмысшыларының корпорация басшысы Эдуард Огайдың атына жазған шағымы жарияланды. Шағымда жұмысшыларға жалақы әділ төленбейтіні және зауыт басшылығы тарапынан қысым жасалатыны айтылды.
XS
SM
MD
LG