Accessibility links

Мәскеуде Путинді қолдаған митингі болды


Мәскеудің "Лужники" стадионында Владимир Путинді қолдаушылар өткізілген "Сохраним Россию" митингісі. Мәскеу, 23 ақпан 2012 жыл.

Мәскеудің "Лужники" стадионында Владимир Путинді қолдаушылар өткізілген "Сохраним Россию" митингісі. Мәскеу, 23 ақпан 2012 жыл.

Ресей президенттігіне үміткер Владимир Путин бүгін "Лужники" стадионында өзін қолдаушылар ұйымдастырған "Защитим Россию" митингісінде сөз сөйледі.

Путин жиналғандарға өзін қолдағаны үшін алғыс айтып, оларды "отанын шынайы қорғаушылар" деп атады. Ресейдің ішкі ісіне ешкімді араластырмайтынын да айтып өтті.

Полицияның мәліметі бойынша, митингіге 130 мың адам қатысқан.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, таңертең Мәскеуге Свердловск облысынан митингіге қатысу үшін 700 жұмысшы алып келген.

Мәскеуде бүгін бұған қоса президенттікке басқа да үміткерлер - коммунистер жетекшісі Геннадий Зюганов, либерал-демократиялық партия жетекшісі Владимир Жириновскийді қолдаушылардың да митингісі болды.
XS
SM
MD
LG