Accessibility links

Талибан ауғандықтарды шетел әскерін шабуылдауға шақырды


Бүгін Ауғанстанның шығысындағы Лагман провинциясында орналасқан АҚШ әуе базасына жүздеген ауғандық демонстрант шабуыл жасап, тас, жанғыш сұйықтығы бар бөтелке лақтырды. Олар Баграмдағы НАТО әуе базасында құранның өртелгеніне наразы.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, полиция шерушілерді тарату үшін әуеге оқ атқан.

Талибан қозғалысы ауғандықтарды халықаралық күштердің әскери қызметкерлері мен шетелдік әскери базаларға шабуыл жасауға шақырды. Талибан таратқан мәлімдемесінде "шетелдіктер құранды өртеудің салдары қандай болатынын білуі тиіс" дейді.

Осы апта басында Баграм әуе базасында бірнеше дана құран өртелгені туралы хабар тараған. Артынша НАТО күштерінің бас қолбасшысы, АҚШ қорғаныс министрі оқиғаға орай кешірім сұрады. Соған қарамастан ауғандықтар үшінші күн бойына оқиғаға қарсылық танытып жатыр.

Бейсенбіде Кабул көшелеріне мыңнан астам америкалықтарға қарсы ұрандар айтып шықты. Лагман провинциясында жүздеген адам НАТО әуе базасының қақпасына тас лақтырды. Ал Бағлан провинциясында полициямен қақтығыста бір шеруші қаза болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG