Accessibility links

Қаржы полициясы: Баймағамбетовке айып тағылды


Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов.

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов.

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы, тұтқындалған Серік Баймағамбетовке қатысты пара алды деген айып тағылды. Бұл туралы бүгін, бейсенбіде өткен брифингте экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

"Серік Баймағамбетовке кедендік бақылау комитетінің аймақтық департаментінің бастығын тағайындағаны үшін 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айып тағылды. Басқа да коррупциялық қылмыстарға қатысы бар, жоғы анықталып жатыр" деді ол.

Ақпанның 3-інде қаржы полициясы Баймағамбетовке қатысты "қызмет бабын асыра пайдалану және ірі көлемде пара алу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
XS
SM
MD
LG