Accessibility links

Ингушетия депортация құрбандарын еске алды


Ингушетияда 1944 жылғы депортацияда құрбан болғандарды еске алу шарасына жиналғандар. Назран, 23 ақпан 2012 жыл.

Ингушетияда 1944 жылғы депортацияда құрбан болғандарды еске алу шарасына жиналғандар. Назран, 23 ақпан 2012 жыл.

Ингушетия ақпанның 23-і күні 1944 жылы Солтүстік Кавказдан күштеп көшіру құрбаны болған шешендер мен ингуштарды еске алды.

Бұдан 68 жыл бұрын, 1944 жылғы 23 ақпаннан 9 наурызға дейін совет билігі 650 мың шешен мен ингушты Орталық Азияға нацистік Германиямен байланысы бар деген күдікпен күштеп көшіріп жіберген.

Олардың жартысынан көбі орта жолда немесе барған жерлерінде қиыншылыққа төзе алмай қырылып кетті. 1957 жылы совет билігі шешен, ингуш және басқа да депортацияланған ұлттарға тағылған айыптарды алып тастаған соң олар қайтадан отандарына орала бастады.

Ингушетияда кеше құрбан болғандарға арнап мешіттер мен зираттарда дұға оқылды. Шешенстанда еске алу мамырдың 10-ында өтеді.
XS
SM
MD
LG