Accessibility links

Ирактағы жарылыстардан 60 адам қаза тапты


Бабыл қаласындағы жарылыс болған жер. Ирак, 23 ақпан 2012 жыл.

Бабыл қаласындағы жарылыс болған жер. Ирак, 23 ақпан 2012 жыл.

Иракта бейсенбіде болған бірнеше жарылыс пен шабуылдан 60 адам қаза тауып, 225 адам жараланды. Ұйымдасқан шабуылдар Бағдат, Бакуба, Киркук, Бабыл және Мосул қалаларында болды.

Полицияның хабары мен куәлердің айтуына қарағанда, шабуылдар негізінен шиттер басым тұратын аймақтардағы қауіпсіздік күштерінің қызметкерлеріне қарсы бағытталған.

Жарылыстардың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ ішкі істер министрлігі мұны "әл-Қаидамен" байланысы бар бүлікшілер жасады дейді.

Парламент спикері Осама әл-Нужейфи "жарылыстар шииттер мен сунниттер арасындағы шиеленісті қоздырып, наурыздың аяғында Бағдадта өтеді деп жоспарланған Араб лигасының саммитін болдырмау үшін жасалған" деп отыр.

БҰҰ мен АҚШ жарылыстарды айыптады.
XS
SM
MD
LG