Accessibility links

Лондонда Сомалиге қатысты жиын өтті


Лондонда Сомалиде тұрақтылық орнатуға қатысты өткен конференция. Лондон, 23 ақпан 2012 жыл.
Лондонда Сомалиде тұрақтылық орнатуға қатысты өткен конференция. Лондон, 23 ақпан 2012 жыл.
Лондонда бейсенбіде 50-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері Сомалиде тұрақтылық орнатып, халықаралық көмек көлемін екі есеге арттыруға келісті.

Лондонда өткен конференцияда негізінен терроризммен, қарақшылықпен күрес, гуманитарлық көмек көрсету сияқты жеті мәселе бойынша келісім жасалған.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Сомалидегі тұрақсыздықтың бүкіл әлемге әсері бар екенін айтады.

Сомали 20 жылдан бері азамат соғысы, аштық пен кедейліктен зардап шегіп отыр. БҰҰ қолдаған бірнеше өтпелі үкімет Сомалиде бейбітшілік орната алмады. Елдің орталығы мен оңтүстігіндегі біраз аумақты исламшыл "әл-Шабаб" тобы бақылауда ұстайды.
XS
SM
MD
LG