Accessibility links

"Әл-Қаидашыл" топ Ирактағы жарылыстарды мойнына алды


"Әл-Қаидамен" байланысы бар "Ирак ислам республикасы" деп аталатын экстремистік ұйым кеше Ирактың Бағдад және басқа қалаларында болған жарылыстарды мойнына алды.

Ұйым бүгін интернетте таратқан мәлімдемесінде жарылыстарда негізінен сүнниттік радикалдарды тұтқындағаны үшін өш алу мақсатында қауіпсіздік қызметі мен үкімет органдарының кеңселерін нысанаға алғанын айтады.

Иракта кеше 12 қалада қатарынан жарылыстар болып, 60 адам қаза тапты. 225 адам жараланды.

Соңғы айларда, әсіресе Ирактан АҚШ әскерін шығарғаннан кейін "әл-Қаида" және онымен байланысты топтар билікке және Ирактың шииттік қауымдастығына қарсы террорлық әрекеттерін күшейтті.
XS
SM
MD
LG