Accessibility links

Жаңаөзен әкімі шеруге рұқсат бермеуінің себебін айтты



Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов тұрғындар ақпанның 25-сіне жоспарлаған шеруге рұқсат етілмеуінің "себебі - өтініштің дұрыс толтырылмауы" дейді. Әкім Азаттық тілшісіне "тұрғындарға өтініштерінің дұрыс жазылмағаны және қалай жазу керек екені түсіндіріліп, қайтарылып берілгенін" айтты. Әкімнің сөзіне сенсек, Жаңаөзен қаласының әкімдігі тұрғындарға өтінішті қайтадан жазуға кеңес берген. Бірақ шеру өткізуге өтініш екінші мәрте түспеген.

Тұрымовтың айтуынша, Жаңаөзен қаласында тұрғындар айтып жүргендей қуғын-сүргін жүріп жатқан жоқ. Қоғамдық комиссияның да жұмысына кедергі жасалмаған. Әкім Жаңаөзен қаласында ұшты-күйлі жоғалып кеткен адамдар және кейіннен табылып жатқан мәйіттер туралы ақпараттарды жоққа шығарды.

Жаңаөзен әкімі "тұрғындардың болашақта өз пікірлерін шеру арқылы білдіруіне қарсы емес" екенін айтты. Оның пікірінше ертең, яғни жаңаөзендіктер шеру өткізуге өтініш білдірген ақпанның 25-і күні Жаңаөзен қаласында ешқандай тәртіпсіздіктер болмайды. Тұрымов қаланың орталық алаңын ертең өзі де "бақылап қайтпақ".
XS
SM
MD
LG