Accessibility links

«Орталық Азияның ертеңі бұлыңғыр» дейді сарапшылар


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы саммитіне қатысушы елдердің президенттері. Мәскеу, 20 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы саммитіне қатысушы елдердің президенттері. Мәскеу, 20 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақпанның 21 күні Eurasia news («Еуразия ньюс») басылымы Asia Society ұйымының Орталық Азия елдеріне қатысты жасаған сараптама баяндамасын жариялады.


Ұйым мамандары «Орталық Азия елдері алдағы жылдары сан түрлі дағдарысқа ұшырайды» деп Батыс саясаткерлеріне құлаққағыс етті. Бұл аймақтағы су мен құрал-жабдықтардың тапшылығы дағдарысқа себеп болмақ» деп жазады басылым.

«БОЛАШАҒЫ ҚАУІПТІ»

«Бұл аймақтағы саяси ахуал өте мүшкіл. Мемлекетті жемқорлық жайлаған, адам құқығы еленбейді, экономикалық мүмкіндік шектеулі, БАҚ қатаң бақылауда, азаматтық қоғам құрсауда, әсіресе Өзбекстан сияқты елде творчество саласы да Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Мәскеу, 10 желтоқсан 2010 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Мәскеу, 10 желтоқсан 2010 жыл.

матаулы. Орталық Азия елдерінің қазіргі жағдайы сүреңсіз, болашағы қауіпті» дейді «Орталық Азия үкіметтері» деп аталатын баяндама авторлары.

Басылым бұған дәлел ретінде осы мәліметтерді қарап, сараптама жасаған Флорида халықаралық университетінің саяси сарапшысы Ральф С.Клемнің пікірін айтады.

– «Араб көктемін» бастан кешкен Солтүстік Африка елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен Орталық Азия елдеріндегі дәл қазіргі жағдай бір-біріне қатты ұқсайды. Бұл зерттеулер әсіресе Өзбекстан мен Түркіменстанға төніп келе жатқан «қара дауылдан» хабар береді, – дейді ол.

Баяндамада авторларының айтуынша, аймақтағы жанжалға себеп болатын тағы бір нәрсе – су. Бір-бірімен бәсекелес әрі суға мұқтаж екі ел – Өзбекстан мен Тәжікстанның арасында болашақта су тапшылығынан жанжал тууы мүмкін. «Егер аймақтағы саяси ахуал жақсы болса, бұл мәселе достықпен реттелер еді» деп пайымдайды сарапшылар.

«ЗАЙЫРЛЫ ОППОЗИЦИЯ БОЛМАСА – ЭКСТРЕМИСТІК ДІНИ ТОП»

Басылымның жазуынша, мыңдаған өзбек, тәжік, қырғыз азаматтарының Ресейде Ресейдегі тәжік мигрант жұмысшылары. Мәскеу, 5 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресейдегі тәжік мигрант жұмысшылары. Мәскеу, 5 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

жұмыс іздеп жүргендігі себепті бұл аймақта «Араб көктеміне» ұқсас оқиға болмауы да мүмкін. Жырақта жүрген жастар елдің ішкі саяси ахуалына ықпал ете алмайды деген пікір де айтылды.

Зерттеу ұйымы мүшелері «Орталық Азия елдері үлкен толқудан аман қалған күннің өзінде де тұрақтылыққа төнген қауіп сейілмейді, себебі саяси өзгеріс жасауға қабілетті зайырлы оппозицияның болмауынан діни топтар болашақта экстремистік әрекеттерге баруы мүмкін» деп есептейді.

«БАЛАМАСЫ ЖОҚ» ПРЕЗИДЕНТТЕР

Баяндамашылар Орталық Азия елдерінің саяси, әлеуметтік экономикалық жағдайларына үңіліп, әр елдің өзіне тән проблемасы да жетерлік екенін айтады. Билік жүйесі толық тоқыраған елдің бірі ретінде Тәжікстан ерекше аталған.

Сарапшылар Орталық Азия елдерінің билік жүйесіндегі тоқырауға да тоқталған. «Саяси элиталар арасындағы билікке талас үкіметтегі билік жүйесін түбегейлі өзгертуі мүмкін» дейді олар.

Қазіргі басшыларының жасы 70-тен асып кетсе де, болашақ саяси жетекшілері әлі анықталмаған Қазақстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттердің алдағы саяси ахуалына қатысты қобалжу басым. Екі елдің де қартайған басшылары саяси сахнадан кетіп бара жатқандықтан, билікке талас бұл екі елде тұрақсыздық туғызуы мүмкін.

«Әсіресе Өзбекстанда президентікке лайықты тұлғаның болмауынан биліктегі әр түрлі мүдделі топтардың, тіпті қауіпсіздік қызметінің арасында текетірес күн санап күшейіп келеді» деген болжам бар.
Орталық Азия мемлекеттері тоқыраудан шыққысы келсе, қордаланған проблемалардың бірі – қоғамды демократияландыр мәселесін де дереу қолға алу керек.

Шетелдік басылым осы аймақтағы АҚШ, Ресей және Қытай ықпалдары жайлы да бірнеше мәлімет айтқан. «Қалай болғанда да Орталық Азия елдері аймақтағы Ресей мен Қытайдың ықпалын әлсірету үшін АҚШ-қа мұқтаж. Бұл аймақтағы ықпалы азайса да, Орталық Азия елдеріндегі режимге тигізетін әсері зор болып тұрған Вашингтон сыртқы саяси ұстанымдарын қайта қарауы тиіс» дейді ұйым мамандары.

Баяндамашылар Орталық Азия мемлекеттері тоқыраудан шыққысы келсе, қордаланған проблемалардың бірі – қоғамды демократияландыр мәселесін де дереу қолға алу керек деген пікір айтады. Бірақ «жуық арада бұл аймақта оңай шешілетін түйін жоқ» дейді автор..

«Өз бетінше әділ сайлау мен демократия орнатуға ұмытылу да Орталық Азияның шиеленіскен проблемаларын түбегейлі шешпейді. Керісінше, аз уақыттан соң кері әсер етуі мүмін. Сондықтан жағдай қазір қыл үстінде тұр» дейді сарапшылар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG