Accessibility links

Мұхтар Әблязовқа қысым күшейді


Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов.
Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов.
Қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязовқа қысым күшейіп отыр.

Ақпанның 24-інде қазақстандық БТА банкі Лондондағы жоғарғы соттан банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты қорғау құқығынан айыруды сұрады. БТА заңгерлері судья Найджел Тирді Әблязовтың наурыздың 2-сіне дейін сот орындарына берілуін талап етуге шақырды.

Өткен аптада Ұлыбритания жоғарғы сотының судьясы Найджел Тир «сотқа құрмет көрсетпеді» деп айыпталған Мұхтар Әблязовтың активтерін құрсаулап, өзін тұтқындауға үкім етті. Сот қазақ бизнесменін 22 ай түрме жазасына кесті.

Бұрын Әблязовтың меншігі болған, кейін мемлекет иелегіне өткен БТА банкінің қазіргі басшылығы оны 5 миллиард долларды жымқырды деп сотқа берген болатын.

48 жастағы Әблязовтың қайда жүргені белгісіз.

2009 жылы ақпан айының басында БТА Банк мемлекет қарамағына өтіп, жұмыстан босатылған Мұхтар Әблязов шетелге кетіп қалған еді. Сол жылы Қазақстанның құқық орындары оған қарсы қылмыстық іс қозғаған.

Мұхтар Әблязовқа Ұлыбританияда саяси баспана берілді.
XS
SM
MD
LG