Accessibility links

Жаңаөзенде ондаған әйел жиналды


Жаңаөзендегі Тәуелсіздік алаңына ондаған әйел жиналды. Оларды полиция қатаң бақылап тұр. Бұл турасында Азаттыққа Дәлелхан Жарылғасынова хабарлады.

Оның айтуынша, көптеген әйелдер алаңға келе алмай қалған. Өйткені оларға қамауда жатқан күйеулерімен кездестіруге уәде берілген. Дегенмен ел әлі жиналып жатыр дейді Дәлелхан Жарылғасынова.

Жаңаөзен оқиғасын тексеру үшін құрылған комиссия мүшесі Рамазан Есіргепов те алаңда жүр. Алаңда қалалық әкімдік, прокуратура, полиция басшылары мен қызметкерлері де тұр.

Белсенділер тарапынан 25 ақпан "Қарсылық күні" болып жарияланып, бірнеше қалада жиын өткізу жоспарланған болатын.
XS
SM
MD
LG