Accessibility links

Ермек Нарымбаев бостандыққа шықты


Ермек Нарымбаевтың сотта сөйлеп тұрған сәті. Алматы, 14 мамыр, 2010 жыл.

Ермек Нарымбаевтың сотта сөйлеп тұрған сәті. Алматы, 14 мамыр, 2010 жыл.

"Назарбаев - кет" деп ұрандатқаны үшін 4 жылға сотталған оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев бүгін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Солнечный елді мекенінде ОВ 156/18 жалпы тәртіптегі колониясынан таңертең сағат 10-дар шамасында бостандыққа шықты. Жазасының екі жылға жуық уақытын түрмеде өтеген Нарымбаев рақымшылыққа ілінген болатын.

Азаттыққа берген жедел сұқбатында Ермек Нарымбаев қамауда болғанда көзқарасының өзгермегенін, оппозициямен бірге жұмыс істейтінін айтты. Ол алдымен Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталып жатқан азаматтарға заңдық көмек беруге кірісемін дейді.

Оппозиция белсендісі ертең таңертең Алматыға жетуі тиіс.
XS
SM
MD
LG