Accessibility links

Мәскеуде алданған үлескерлер митингке шықты


Бүгін Мәскеудің орталығында 400-ге жуық үлескер рұқсат етілген жиын өткізді.

«Однодольщики» қозғалысының үйлестірушісі Игорь Гульевтің айтуынша, акцияға қатысқандар қорғаныс министрлігінің Мәскеуде және оның маңайындағы аудандарда салып жатқан кешенді тұрғын үйлерге қаржы салғандар екен.

«Үлескерлік тәсілмен салынатын тұрғын үй құрылысы мәселелерінің шешілмеуіне жемқорлық себеп болып отыр» дейді Гульев.

Митингте үлескерлер қорғаныс министрі Анатолий Сердюковтің және Мәскеу облысының губернаторы Борис Громовтың отставкаға кетуін талап етті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG