Accessibility links

Тувада төтенше жағдай енгізілді


Бүгін 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелген Тувада төтенше жағдай тәртібі енгізілді. Табиғат апатынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер турасында ақпараттар түскен жоқ.
Кейбір елді мекендерде ғимараттардың қабырғалары жарылған. Тағы бір ақпараттарға қарағанда, Мерген өзені арнасынан тасып, бірқатар ауылдарға қауіп төндіре бастаған.

Еуропалық-жерорта теңіз технология орталығының деректері бойынша, жер сілкінісінің кіндігі ел астанасы Қызылдан шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта болған. Қалада жер қозғалысының қуаты 3-4 балға жеткен.

Жер сілкінісінің аздаған белгілері Шығыс Сібірдің басқа да аймақтарында сезілген, атап айтқанда, Иркутскі мен Кемеров облыстарында және Хакасияда.

Бұл эпицентрі Тува республикасында байқалған соңғы екі айдың ішіндегі екінші жер сілкінісі.
XS
SM
MD
LG