Accessibility links

Сирияда референдум өтіп жатыр


Сирия сайлаушылары референдумда дауыс беріп жатыр. Дамаск, 26 ақпан, 2012 жыл.

Сирия сайлаушылары референдумда дауыс беріп жатыр. Дамаск, 26 ақпан, 2012 жыл.

Жалғасып жатқан қақтығыстарға қарамастан, Сирияда бүгін ел Конститутциясына түзетулер енгізу үшін дауыс беріліп жатыр. Билік сайлаушылар белсенділігі жоғары екенін айтады.

Конститутцияға жасалатын өзгерістер елде көппартиялық жүйені енгізіп, алдағы үш айдың ішінде парламент сайлауын өткізуді көздейді.

Оппозиция референдумға бойкот жасауға, президент Башар Асадтың биліктен кету талабын жалғастыра беруге шақырды.

АҚШ пен басқа да бірқатар елдер қауіпсіздік күштері мен оппозицияның қақтығыстары жалғасып жатқан уақытта референдумның өткізілуін сынаған болатын.

Сирияда қақтығыстар референдум өтіп жатқан күні де болды. Хомс қаласынан 9 бейбіт тұрғын мен үкіметтік күштердің 4 әскерінің құрбан болғаны жөнінде ақпараттар түсті.

Құқық қорғаушылардың деректеріне қарағанда, сенбі күні Сирияда 100-ге тарта адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG