Accessibility links

Сібірдегі жер сілкінісі Шығыс Қазақстанда сезілді


Шығыс Сібір аймағында жексенбі күні болған жер сілкінісінің аздаған белгілері Шығыс Қазақстан облысының кейбір қалаларында байқалған. Бұл жөнінде Tengrinews.kz ақпарат агенттігі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшсіне сілтеме жасап хабарлаған.

Департаменттің ақпараты бойынша, Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері тіркелмегенімен, Зырян және Өскемен қалаларының бірқатар тұрғындары телефон шалып, жоғары қабатта тұратындар төбеге ілінген шамдарының тербелгенін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG