Accessibility links

WikiLeaks Stratfor-дың хаттарын жариялай бастады


WikiLeaks сайтының белгісі. Көрнекі сурет.

WikiLeaks сайтының белгісі. Көрнекі сурет.

Лондонда орналасқан WikiLeaks веб-сайты бүгін америкалық жекеменшік Stratfor ("Стретфор") барлау және талдау компаниясының бес миллионнан астам электрондық құпия хаттарын жариялай бастады.

WikiLeaks таратқан хабарламаға қарағанда, хаттар 2004-2011 жылдар аралығында жазылған. Хаттарда компанияға мәлімет беріп тұрған адамдар, оларға ақы төлеу жүйесі, қаржыны жасырып қалу және компанияның жұмыс істеудегі психологиялық тәсілдері жайлы мәліметтер жазылған.

Сайттың дерегі бойынша, хаттар Stratfor-дың АҚШ-тың үкімет органдарымен, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік министрлігі, теңіз жаяу әскері мен әскери барлау қызметтерімен байланысы бар екенін дәлелдейді.
XS
SM
MD
LG