Accessibility links

Лос-Анжелесте "Оскар" сыйлығы тапсырылды


"Ажырасу" атты фильм түсірген ирандық режиссер Асгар Фархади фильм жеңіп алған "Оскар" сыйлығын алып тұр. Лос-Анжелес, 26 ақпан 2012 жыл.

"Ажырасу" атты фильм түсірген ирандық режиссер Асгар Фархади фильм жеңіп алған "Оскар" сыйлығын алып тұр. Лос-Анжелес, 26 ақпан 2012 жыл.

Лос-Анжелесте Америка кино академиясы тағайындайтын "Оскар" сыйлығын тапсыру салтанаты өтті.

"Жылдың ең үздік киносы" атағы француз режиссері Мишель Хазанавичустің "Артист" фильміне берілді. Хазанавичусті ең жақсы режиссерлік қызметі үшін де марапаттады. Осы фильмге түскен Жан Дюжарден ең үздік ер адам рөліне тағайындалатын сыйлықпен марапатталды.

"Темір әйел" фильмінде Маргарет Тэтчердің ролін сомдаған Филлида Ллойд "Ең үздік әйел ролі" деген марапатқа ие болды.

"Ең үздік анимациялық фильм" номинациясы бойынша берілетін сыйлыққа Гора Вербинскийдің кесіртке туралы компьютермен түсірген "Ранго" мультфилімі ие болды.

Иран режиссері Асгар Фрахадидің "Ажырасу" атты фильмі "Шет тіліндегі ең үздік фильм" сыйлығын жеңіп алды.
XS
SM
MD
LG