Accessibility links

Желтоқсаншының шағымын сот қанағаттандырмады


Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан бұрынғы мектеп оқушысы Екпін Шардаров.
Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан бұрынғы мектеп оқушысы Екпін Шардаров.
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы Күлейхан Боташева 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Екпін Шардаровтың талабын қанағаттандырмау жайлы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне оның ағасы әрі қорғаушысы Сәкен Шардаров хабарлады.

Оның айтуынша, Екпін Шардаров мектепте жоғары сыныпта оқып жүрген кезінде Желтоқсан оқиғасына қатысып, басынан жарақат алған. Осы себепті ол соттан өзіне "қуғын көрді" деген статус беріп, реабилитациялауды сұрап шағымданған болатын.

Сәкен Шардаров мұнымен келіспейтінін айтып, апелляциялық сотқа шағым беретіндерін айтады.
XS
SM
MD
LG