Accessibility links

ЖСДП: Жаңаөзен оқиғасының 100 күндігіне митинг өткіземіз


Алматыда өткен шеру. 25 ақпан 2012 жыл.

Алматыда өткен шеру. 25 ақпан 2012 жыл.

Оппозиция 24 наурызда Алматыда Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына байланысты кезекті митинг өткізетінін мәлімдеді.

Қоғам қайраткері Төлеген Жүкеев митингіден соң оны ұйымдастырушыларды тағы да әкімшілік жауапқа тартып, қамап тастауы мүмкін екенін айтады. Ол бұған дәлел ретінде "Қарсылық күні" митингісінен соң Болат Әбілев пен Әміржан Қосановтың заңсыз түрде қамалғанын айтты.

25 ақпанда Алматыда Абай ескерткішінің жанында оппозиция "Қарсылық күні" митингісін өткізді. Сол күні Алматы қаласының әкімшілік соты ЖСДП жетекшілері Болат Әбілев пен Әміржан Қосановты 15 тәулікке қамауға шешім шығарды. Митингіге қатысқан бірнеше белсендіге айыппұл салынды.
XS
SM
MD
LG