Accessibility links

Евгений Жовтис: «Әлеуметтік араздық туралы бапты алалап қолданады»


Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда бірқатар белсенділерге «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылды. Азаттық радиосы осы айыптың жай-жапсарын бірнеше заңгер мен құқық қорғаушыдан сұраған еді – ол сауалға жуықта бостандыққа шыққан Евгений Жовтис қана жауап берді.


Ресми ақпарат бойынша 16 адам қаза болып, 100-ден аса адам жараланған Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстандағы бірқатар оппозициялық саясаткерлер мен белсенділерге «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағыла бастады.

Айыпталушылар арасында тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының Тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Тұрсынғали Ыдырысов КНБ ғимараты алдында пикет өткізіп тұр. Алматы, 17 ақпан 2012 жыл.

Тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Тұрсынғали Ыдырысов КНБ ғимараты алдында пикет өткізіп тұр. Алматы, 17 ақпан 2012 жыл.

жетекшісі Владимир Козлов, осы партияның белсендісі Айжангүл Әмірова, режиссер Болат Атабаев, қоғам белсендісі Серік Сапарғали және Жанболат Мамай, ереуілші мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева бар.

Қазақстанда қылмыстық кодекстің 164-бабы бойынша «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып алғаш рет «Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Натальяға Соколоваға тағылған еді. Соколова қазір түрмеде алты жылдық мерзімін өтеп жатыр.

«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталушылар қатары көбейіп бара жатқанына қатысты Азаттық радиосы Қазақстандағы белгілі сарапшы-заңгерлер мен құқық қорғаушыларды қатыстырып дөңгелек үстел өткізбек болған. Бірақ ешкім бұл тақырыпты сөз етіп, талқылағысы келмеді.

Азаттық радиосының сұрақтарына жақында бостандыққа шыққан құқық қорғаушы Евгений Жовтис қана жауап берді.

«ЖЕК КӨРУ СӨЗІ»

– Жовтис мырза, «әлеуметтік араздықты қоздыру» деген сөзді қалай түсінуге болады?

– «Әлеуметтік араздық» деген сөз халықаралық құқық пен халықаралық тәжірибеде жиі қолданылады. Бұл сөз еркіндігін асыра сілтеудің бір түріне жатады, яғни «Hate speech» немесе «жек көру сөзі» деп аталады. Бірақ мұның өзі, яғни әлеуметтік 6 жылға сотталған «Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколова. Фотоны Ольга Ярославская түсірген.

6 жылға сотталған «Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколова. Фотоны Ольга Ярославская түсірген.

араздықты тұтату – белгілі бір адамды анық, нақты кінәлаған жағдайда ғана ескеріледі. Әрі мұндай кезде «әлеуметтік араздықты тудырды» деп айту үшін сол сөздің ең кемінде үш түрлі салдары болуы керек.

Бірінші, сол әлеуметтік топ немесе сол топқа қатысы бар адам жәбірленген болуы тиіс.

Екінші, сөз қандай түрде болса да (мейлі, баспасөзде жариялансын, үнпарақпен таратылсын), осы адамға немесе әлеуметтік топқа деген жеккөрушіліктің қозуына себепкер болуы керек.

Үшіншіден, қандай формада айтылса да, ол сөз зорлық-зомбылық жасауға итермелеуі немесе осындай іс-әрекетке үндеген болуы керек.

Міне, осы кезде бұл әрекет қылмыстық іс саналып, жазалануға лайық болады. Ал жеке адамның немесе белгілі бір әлеуметтік немесе этникалық топтың құқығын қорғау әлеуметтік наразылықты қоздыру емес.

Егер Наталья Соколова мен өзге де адамдарға қатысты жағдайды сараптасақ, бұл адамдар – ереуілшілерге қолдау көрсету үшін өз пікірін білдіріп, оған баға берген кісілер. Мұны әлеуметтік наразылық туындатты десе, мәселен, кәсіпкерлерге (дұрысы «Қаражанбасмұнай» қожайындарына, тағы басқаларға) қарсы шыққандығынан деуге болады.

Мұндай көзқарас тұрғысынан алсақ, кәсіподақ атаулының бәрі – әлеуметтік наразылықты қоздырушы. Себебі кез келген жағдайда кәсіподақ тек жұмысшылардың ғана мүддесін қорғайды, ешқашан жұмыс берушіні қорғамайды.

Кез-келген топ немесе адам біреудің (айталық, қазақ тілінің, азшылық этникалық топтың немесе азшылық сексуалдық қауымның, әйелдер мен балалардың) құқығын
Жұмыстан шығарылған мұнайшылар "Қаражанбасмұнай" АҚ ғимаратының алдында наразылық шеруіне қатысып тұр. Ақтау, 01 қыркүйек 2011 жыл.

Жұмыстан шығарылған мұнайшылар "Қаражанбасмұнай" АҚ ғимаратының алдында наразылық шеруіне қатысып тұр. Ақтау, 01 қыркүйек 2011 жыл.

қорғайтын болса, онда өзгелердің мүддесіне де әсер етеді. Мұндай қақтығыстар демократиялық қоғамда өзара пікірлесу арқылы, келісімге келу немесе өзге де демократиялық әдістермен шешіледі.

Мен мұны әлеуметтік араздықты туындату дей алмаймын.

«ОРЫНСЫЗ ҚОРҚЫТЫП-ҮРКІТУ»

– Жовтис мырза, бірқатар оппозициялық саясаткерлер «биліктің өзі кейбір ісі мен сөзі арқылы әлеуметтік араздықты тудыру нышандарын көрсетті» дейді. Мәселен, Тимур Құлыбаев ереуілші мұнайшыларды «жергілікті» және «Түркіменстан мен Өзбекстаннан келген оралмандар» деп бөлді. Президенттің саяси кеңесшісі Ермұхан Ертісбаев та осылай деген.

– Мен олардың сөзінен әлеуметтік араздықты туғызатын дүниелерді байқай алмай тұрмын. Олар тек жағдайға баға берген.

Ол баға көпшіліктің көңілінен шықпауы, әділетті болмауы да ғажап емес. Олардың сөздеріне «бұл өтірік» деген баға берсе де жеткілікті. Айналып келгенде, бұл сөздер біреулердің ар-намысына тисе, оларға сотқа шағымдануға, жаңағы сөзді жоққа шығаруға болады.

Ол мақала жарияланған газет арқылы қарсы мақала жазып, гәп оралмандарда емес екенін, оралмандардың сауатсыз емес екенін айтуға болады. Өз басым Моңғолиядан келген білімді көп оралмандарды білемін.

Ал оппозицияға келер болсақ, олар үшін бұл бапты қолданудың ерекшелігі бар. Себебі бізде пікіріңді еркін білдіріп, еркін сөз айтуды қорғаудың демократиялық дәстүрі жоқ. Сондықтан бізде бұл бапты ұлттық, әлеуметтік, тағы басқа, түрлі сылтаумен қылмыстық іс қозғауға пайдалану дәстүрі бар.

Мен басылымдардағы түрлі мақалаға қатысты көптеген сараптамаларды көрдім, білемін. Өкінішке қарай, бұл сараптамалар адамның өз пікірін білдіруі мен сөз Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев. Астана, 28 қазан 2009 жыл.

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев. Астана, 28 қазан 2009 жыл.

еркіндігін «қауіпсіздік пен ішкі тәртіпке төнген қауіп» деп есептейтін билік көзқарасынан алшақ жатады.

Мен оппозиция айтқан сөздер мен таратқан үнпарақтарынан әлеуметтік наразылықты тудыратын нәрсе көріп те тұрған жоқпын. Олар өз пікірін айтады. Олар – біреулердің мүддесі үшін, белгілі бір топты қорғау жолында пікірлерін білдіріп, сөз еркіндігі құқығын пайдаланып жүрген адамдар.

«САҚТЫҚ САЯСАТЫ»

– Қазақстан қылмыстық кодексінде 164-баптың болуына, оның іс жүзінде қолданылуына қалай қарайсыз?


– Қазақстанның қылмыстық кодексінде бұл баптың болуы – орынды. Мұндай бап дүниежүзінің көп елдерінде бар. Олар жаңа біз айтқандай жек көрушілікпен күресуге арналған. Бұл жерде сөз қандай принциппен айтылды – этникалық па, жоқ әлде әлеуметтік пе, болмаса гендерлік пе – ол маңызды емес.

Осы бапты іс жүзінде қалай қолдану керек деген сұрақ – басқа мәселе. Өз пікіріңді білдіру және сөз еркіндігі мен белгілі бір топтың әлеуметтік немесе этникалық мүддесін қорғау үшін айтылатын сөздің арасындағы болар-болмас шекара қай кезде бұзылады? Жеккөрушілікке итермелеу немесе зорлық-зомбылыққа шақыру, қорлау болған жағдайда бұзылады. Сол кезде ол қылмыстық іс болып шыға келеді. Бірақ мұның да ара жігін ажыратып айту қиын.

Мұндай шекара бар. Ол өте нәзік. Бірақ соның өзін дәл белгілеуіміз керек. Ол үшін халықаралық құқық пен халықаралық тәжірибені жақсы білу қажет. Мұнымен қоса БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеттің адам құқығы және нәсілдік кемсітуге жол бермеу "Әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылған театр режиссері Болат Атабаев.

"Әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылған театр режиссері Болат Атабаев.

туралы шешімдері мен Еуропалық соттың адам құқығы жөніндегі шешімін, тағы басқа заңдарды білуіміз қажет.

Осы шешімдерде бұл баптың қалай қолданылатыны анық көрсетілген. Сондықтан Қазақстанның заңында мұндай баптың болғаны артық емес. Ал бірақ оның қолданылуы халықаралық тәжірибемен үйлесуі тиіс.

– Жовтис мырза, Азаттық радиосы осы тақырыпты дөңгелек үстел басында талқыламақ болып еді. Бірқатар заңгерлер ат-тондарын ала қашты десек те болады...

– Себебі бұл жағдай тым саясиланып кетті. Әңгіме тек қана әлеуметтік наразылық тудыру туралы ғана емес, елдегі саяси үрдіс және оппозицияның саяси іс-әрекеті туралы болатынын кез-келген адам біледі. Сондықтан ешкім бұл тақырыпты ашып айтқысы келмейді.

Бұл өзін-өзі алдарқату «саясаты» емес. Бұл – елдегі кейбір адамдар ұстанып отырған сақтық саясаты. Өйткені елдің ішкі саяси жағдайы қазір күрделі болып барады. Оған бола біреуді кінәлаудың да еш қажеті жоқ. Бірақ анығы – осы.

– Сұхбатыңызға рахмет, Жовтис мырза.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG