Accessibility links

Митингіге қатысқан белсенділер айыппұл төлейді


Алматыдағы "Қарсылық күні" жиыны. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.
Алматыдағы "Қарсылық күні" жиыны. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматы әкімшілік соты «Қарсылық күні» митингісіне қатысқан бірнеше белсендіге ақпанның 27-сі күні кешке айыппұл салды.

Сот шешімі бойынша, рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) (шамамен 500 АҚШ доллары), азаматтық белсенділер - Құралбек Ақназаров 50 АЕК (500 АҚШ доллар), Анар Әбілдаева, Инга Иманбай, Сайлау Лепесовтің әрқайсысы 20 АЕК (200 доллар), Саламат Омаш, Гүлмира Тұрдиева, Шәкім Уәлиева, Сәлім Оразалиев, Нұржан Төкеев, Айбар Ермекқалиевтің әрқайсысы 10 АЕК (шамамен 100 доллар) көлемінде айыппұл төлеуі керек.
XS
SM
MD
LG