Accessibility links

Еуропа Одағы Сирияға жаңа санкциялар жариялады


Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде Сирияға ел ішіндегі қақтығыстарды тоқтатуға ықпал ету үшін жаңа санкциялар жариялады.

Қабылданған жаңа санкциялар бойынша Сирия орталық банкінің активтері бұғауланады. Президент Башар әл-Асадқа жақын үкімет адамдарының Еуропа Одағы елдеріне келуіне және Сирияның жүк тасымалдаушы ұшақтарының одақ аумағына кіруіне шектеу қойылады.

Еуроодақ бұған дейін де Башар әл-Асад режимімен мұнай және қару-жарақ саудасына эмбарго қойып, 150 адамды "қара тізімге" енгізген еді.

Сирия мемлекеттік телеарнасы ақпанның 26-сы күні өткен референдумда сайлаушылардың 89 пайызы "Башар әл-Асад үкіметі ұсынған жаңа конституцияны қолдап дауыс бергенін" хабарлады. Батыс елдерінің Сирияға дипломатиялық тұрғыдан бұлайша қысым жасауы да осы оқиғамен тұспа-тұс келді.

Ал кеше халықаралық Қызыл крест және Сирияның Қызыл жарты ай қоғамы үкіметтік күштер шабуылдап жатқан Хама қаласына айдан аса уақыттан кейін бірінші рет еркін кіре алғанын хабарлады.

Сирияда осымен 11 айға созылған қақтығыстардан, БҰҰ дерегі бойынша, 6 мыңнан астам адам қаза тапты.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG