Accessibility links

Еуропа Одағы Беларуське қосымша санкция салды


Еуроодақ Беларусь үкіметіне президент Александр Лукашенконың саяси бәсекелестерін одан ары қудалап жатқаны үшін жаңа санкциялар салды.

Еуроодақтың 27 елінің сыртқы істер министрлігі бекіткен жаңа санкция Беларусьтің екі полиция офицеріне қатысты жарияланды. Бұл офицерлердің жоғары шенді 19 судья мен саяси белсенділерді тұтқындап, соттауға қатысы бар.

Еуроодақ бұған дейін де Беларусь үкіметімен байланысты 210 адамның есеп-шоттарын бұғаулап, Еуроодақ елдеріне виза беруге шектеу қойған болатын.
XS
SM
MD
LG