Accessibility links

The Telegraph: Әблязов Францияға кеткен болуы мүмкін


Қуғынға ұшыраған бизнесмен Мұхтар Әблязов.

Қуғынға ұшыраған бизнесмен Мұхтар Әблязов.

Ұлыбританияда 22 айға сотталған БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов "Францияға кетіп қалған болуы мүмкін" деп хабарлады Ұлыбританияның The Telegraph басылымы.

The Telegraph-тың жазуынша, ақпанның 24-і күні БТА банкі өкілдері сотқа Әблязовтің Францияға кетіп қалғанын айтқан. БТА банкі Ұлыбритания жоғарғы сотынан Әблязовті келесі екі апта ішінде сотқа келмесе қаржы жымқыру ісіне байланысты қорғану құқынан айыруды сұраған болатын.

"Әблязов Ұлыбританияның жоғарғы соты 22 айға соттаған уақытта Францияға автобуспен өтіп кетті" деп жазады The Telegraph. Басылым Әблязовтің Францияның қай жерінде тұратыны жайлы ақпараттың жоқ екенін айтады.

Бұған дейін БТА банкі Әблязовті "банктен 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы жымқырды" деп сотқа берген болатын.
XS
SM
MD
LG