Accessibility links

Мәскеу казактары православ шіркеулерін қорғайды


Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеуде казактар ұйымдарының бірінің жетекшісіне ту тапсырып тұр. Мәскеу, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеуде казактар ұйымдарының бірінің жетекшісіне ту тапсырып тұр. Мәскеу, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Мәскеу казактары қаланың оңтүстік шығысындағы православ шіркеулерін "бұзақылардан" қорғайтын болды.

Мәскеудің оңтүстік шығысында тұратын казактар "Христ Спаситель" шіркеуін және "православиенің барлық қасиетті орындарын қорғайтындарын" мәлімдеді.

21 ақпанда "Христ Спаситель" храмына діни құлшылық кезінде бес қыз бала кіріп келіп, діни қызметкерлерді, оның ішінде патриархты балағаттай сөйлеген.

Казактардан құралған ерікті қорғаушылар тек православие шіркеулері мен діни орындарын қорғап қана қоймай, бұзақылардың ізін кесіп, оларды тиісті орындарға тапсыратынын да айта кетті.
XS
SM
MD
LG