Accessibility links

Сирияда 144 адамның қаза тапқаны хабарланды


"Сирияның үйлестіру кеңесі" деп аталатын құқық қорғау ұйымы дүйсенбінің кешінде елде 144 адамның қаза тапқанын хабарлады. Бірақ олардың нақты қай күні және қай жерде көз жұмғанын нақтылап айтпады.

Үйлестіру кеңесі мен Ұлыбританияда орналасқан Сирия адам құқықтарын қорғау ұйымының хабарлауынша, Хомс қаласының маңында 60 адам қаза тапқан. Екі ұйым да олардың басқа қалаға бас сауғалап бара жатқан Хомс тұрғындары болғанын айтады.

Ал халықаралық Қызыл крест комитетінің хабарлауынша, Сирия Қызыл жарты ай қоғамы Хомстың жанындағы Баба Амр ауданынан үш адамды көшірген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG