Accessibility links

Ресей Бішкекке әскери базасы үшін қарызын қайтарады


Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков Мәскеу Қырғызстанға жалға алған әскери нысандар үшін қосымша қаржыны ақпанның аяғына дейін төлейтінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей Қырғызстанға Бішкектің сыртындағы Қант әскери базасын пайдаланғаны үшін 15 миллион АҚШ долларын төлемек.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресейге сапарында Мәскеудің әскери нысандарға төрт жылдан астам уақыттан бері жалға алу құнын төлемегенін айтып, бірақ мәселенің шешімін тапқанын хабарлаған. Ол бұған қоса 2014 жылдан кейін Манас әуе базасында ешқандай шет ел әскері қалмау керек деп мәлімдеді.

АҚШ Қырғызстанның Манас әуежайын 2014 жылға дейін жалға алған.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG