Accessibility links

Астраханьда газ жарылысынан жеті адам қаза тапты


Астраханьда газ жарылысынан қираған көп қабатты үй. Ресей, Астрахань, 27 ақпан 2012 жыл.

Астраханьда газ жарылысынан қираған көп қабатты үй. Ресей, Астрахань, 27 ақпан 2012 жыл.

Ресейдің Астрахань қаласында көп қабатты тұрғын үйдегі газ жарылысынан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті. Тағы үш адамның өлі, я тірі екенін белгісіз. 18 адам жарақат алған.

Кеше Астрахань қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық газ жарылып, бір подъезд қираған болатын. Құтқарушылар үйінді астынан 26 адамды шығарып алған.

Жарылысқа сол үй тұрғынының өзін-өзі өлтіру әрекеті себеп болуы мүмкін деген жорамал бар.
XS
SM
MD
LG