Accessibility links

Каспийде Әзербайжан танкері өртеніп жатыр


Каспий теңізінің Дағыстанға қараған жағалауында Әзербайжанның "Инженер Назаров" танкері өртеніп жатыр. Өрттен бір адам қайтыс болған. Экипаждағы 14 адамның біразы құтқарылды.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, құтқару кемелері танкердегі адамдарды жағаға шығарып жатыр. Көмекке тағы бірнеше кеме жіберілген.

Танкер Махачкаланың теңіз-сауда портында рейдте тұрған.

Өрттің неден шыққаны және басқа да жайттар әзірше белгісіз.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG