Accessibility links

Брюссельде Лобнорға арналған халықаралық конференция өтеді



Бүгін Брюссельдегі Европа парламентінде "596 сынағы жарты ғасырдан соң: Шығыс Түркістандағы қытай ядролық бағдарламасы және оның салдары" атты конференция өтеді.

1964-1996 жылдары Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы Лобнор полигонында 46 ядролық жарылыс жасалған еді.

Халық тұратын аумақта жасалған бұл ең ірі сынақ зардабы полигон жабылған соң да тұрғындар денсаулығына, табиғатқа кесір тигізгені айтылмай келді.

Бүгінгі конференцияда осы сынақтың зардабы сөз болады. Тибетке ядролық қалдықтарды көму жайлы баяндама оқылып, радиоактивті ластанудың Қазақстанға, Украинаға, Беларуське, Ресейдің Орал және Сібір өңіріне тигізген зияны айтылады. Сынақ зардабына орай айыпты мойындау және өтемақы төлеу мәселесі де қозғалады.

"Жібек жолындағы ажал" атты деректі фильм де конференция барысында көрсетілуге тиіс.
XS
SM
MD
LG