Accessibility links

Кабул: Иран мен Пәкістанға тыңшылық жасағандар ұсталды


Ауғанстан көршілес Иран мен Пәкістанға тыңшылық жасады деген күдікпен төрт шенеунікті ұстады.

Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік басқармасының өкілі Лутфулла Машаль ақпарат құралдарына "ұсталғандардың тыңшылық жасағанын айғақтайтын бұлтартпас деректердің" бар екенін айтқанмен егжей-тегжейлі мәлімет бермеген.

Ауғанстанның барлау агенттігінің аты-жөнін атамаған қызметкері журналистерге сыртқы істер министрлігінің жоғары шенді дипломатының "Пәкістанның әскери барлау агенттігіне ақпарат беріп тұрды" деп айыпталғанын хабарлаған.

Қалған айыпталған үш адам Нангахар, Фарах және Герат провинцияларында мемлекеттік қызметте істейді.

Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі оларға қатысты түсінік бермеген.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG