Accessibility links

Зырян кеншілері президентке жүгінді


Зырян кеншілері президент Нұрсұлтан Назарбаевтан өздеріне төленетін зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жүйесіне өзгерту енгізуді сұрады. Бұл туралы кеншілердің бастамашыл тобының жетекшісі, 44 жыл кенші болған Николай Пойтаға сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

130 кеншіден құралған бастамашыл топ жетекшісінің айтуынша, кеншілердің жұмысы өте ауыр және қауіпті. Кеншілердің көбі 50 жасқа жетпей мүгедек болып қалады.

"Сондықтан зейнеткерлікке шығу жасын 63-тен 53-ке дейін қысқартуды, кәсіподақ тарапынан зейнетақы қорымызға аударылатын қосымша төлемді ерікті түрде емес, міндетті түрде төлеу жүйесін енгізуді сұраймыз. Кеншілер қазір мардымсыз ақшаға күнелтіп отыр" дейді Николай Пойта.

Ол бұл ұсыныстары бойынша бұрынғы және қазіргі мәжіліс депутаттарына хат жазғандарын, бірақ олардың бір де біреуіне назар аударылмағанын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG