Accessibility links

Египетте президенттік сайлау мерзімі бекітілді


Египеттің орталық сайлау комиссиясы мамырдың 23-і мен 24-і президент сайлауы басталады деп белгіледі.

Сайлау комиссиясының басшысы Фарук Сұлтан сайлаудың алғашқы айналымы мамырдың 23-24 күндері өтетінін, егер қажет болса, екінші тур маусымның 16-17 күндері болатынын айтты.

Сайлаудың түпкілікті нәтижесі маусымның 21-і жарияланбақ. Бұл әскерилердің маусымның соңына қарай елді басқаруды азаматтық билікке тапсыратыны туралы уәдесімен тұспа-тұс келеді.

Фарук Сұлтанның айтуынша, сайлауға халықаралық бақылаушылар қатыспайды.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк 2011 жылдың ақпанында демонстранттардың қысымымен билікті әскерилерге табыстап, президенттіктен кеткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG