Accessibility links

Ошта қауіпсіздік шаралары күшейді


Ош қаласының мэрі Мэльс Мырзакматов.

Ош қаласының мэрі Мэльс Мырзакматов.

Қырғызстанның Ош қаласында бейсенбіге жоспарланған демонстрация мен жексенбіге белгіленген жергілікті органдарға сайлаудың қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Қырғыздардан бөлек этникалық өзбектер де мекендейтін Ошта 2010 жылдың маусымында қырғыздар мен өзбектер арасында қақтығыстар болып, 450 адам қаза тапқан.

Қала басшылығы бейсенбіде өтетін демонстрация қарсаңында Ошқа қосымша полиция күштері кіргізіліп, бақылау-өткізу бекеттері құрылғанын хабарлады.

Ош прокурорлары сәрсенбіде қала мэрі Мэльс Мырзакматовты «қауіпсіздікті, ұлтаралық үйлесім мен саяси тұрақтылықты сақтау үшін» қосымша шаралар қабылдауға шақырған.

Наурыздың 4-інде Ошта 45 орыннан тұратын қалалық кеңес депутаттарын сайлау болады. Сайлауға сегіз партия қатысады.
XS
SM
MD
LG