Accessibility links

Шетпелік кәсіпкер екі айға қамалды


Шетпеде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен ақпанның 27-сі күні ұсталған Қасым Ермұқанұлы екі айға қамалды. Бұл турасында Азаттық радиосына оның әйелі Бағила Баймағамбетова хабарлады.

Оған Қылмыстық кодекстің 241-бабының 1, 2, 3-тармақтары, 321-бабының 2-тармағы және 299-баптың 1-тармағы бойынша айып тағылып, Маңғыстау аудандық соты екі айға қамауға алды.
XS
SM
MD
LG