Accessibility links

Навальный: Оппозиция Путиннің жеңісін мойындамайды


Ресей оппозициялық блогері Алексей Навальный.

Ресей оппозициялық блогері Алексей Навальный.

Ресейдің оппозициялық саяси блогері Алексей Навальный оппозицияның егер президент сайлауында Владимир Путин жеңіске жетсе, онда сайлау нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол сәрсенбі күні кешке америкалық PBS Newshour телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Навальныйдың айтуынша, оппозиция саяси реформалар жасалып, жаңа сайлаулар белгіленбейінше наразылық шараларын жалғастыра бермек.

«Біз наурыздың 5-інде Путиннің өзін Ресей президенті деп жариялайтынына толық сенімдіміз. Іс жүзінде, ол ол өзін патша деп жариялауы мүмкін. Бірақ біз бұған көнбейміз. Биліктен саяси реформалар жасауды, бір жылдың ішінде парламент, екі жылдың ішінде президент сайлауын қайтадан өткізуді талап ете береміз» деді ол.

Навальный бұған қоса «Егер Путин белгілі бір өзгерістер жасаса, онда бізде билік бейбіт түрде ауысады және зорлық-зомбылық болмайды. Путиннің қауіпсіздігіне кепілдік беріледі» деді ол.

Ал Владимир Путин бәсекелестерін наурыздың 4-інде сайлаудан кейін жоспарлаған шерулеріне қатысты ескерту жасады. Ол оппозицияның сайлау нәтижелерін алдын ала жоққа шығаруын айыптап, бәсекелестері «көпшіліктің пікірімен санасуы тиіс» деді.
XS
SM
MD
LG