Accessibility links

Дубай банкі Иранға қызметін тоқтатты


Дубайдың "Нұр Ислам" банкі ғимараты. Көрнекі сурет.
Дубайдың "Нұр Ислам" банкі ғимараты. Көрнекі сурет.
АҚШ үкіметі Дубайда орналасқан "Нұр Ислам" банкін Иранның мұнай сатудан түскен қаржыны өзінің есеп-шоттары арқылы аударуын тоқтатуға көндірді.

Бұған дейін Иранға ядролық бағдарламасына қысым жасау үшін бірқатар санкция салынған болатын. Соның бірі - Иранның халықаралық банк жүйесіне шығатын жолы кесілген. Енді Иранға мұнайдан түскен шетел валютасын конверсиялауға басқа жол іздеу қажет.

БҰҰ мен батыс елдері Тегеранға қатаң санкциялар салуынан ирандық компаниялар импортталған тауарларға айырбас арқылы төлем жасай бастады. Иранның орталық банкі доллармен есеп айырысу қиындағандықтан қазір мұнайдың өтемі ретінде алтын қабылдай бастады.
XS
SM
MD
LG