Accessibility links

Жаңаөзен маңындағы бірнеше елді мекенді су басты


Жаңаөзен қаласында ауа-райының күрт жылынуынан ақпанның 29-ы күні тоғыз үйді су басты. Бұл жайында Азаттық тілшісіне Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметкері Гүлнәр Қожабекова хабарлады.

Оның айтуынша, ауа-райы күрт жылынып, еріген қар суынан Рахат 1,2,3, шағын аудандары мен Қызылсай және Теңге ауылдарында тоғыз жер үйді су басқан. "Әзірге тоғыз үйді су басқаны туралы ақпарат бар. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер, үйлердің қирауы жайында мәлімет жоқ" дейді Қожабекова. Қазір су басқан аудандардан суды сорып алу жұмыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бірақ, тұрғындар Жаңаөзен маңында шамамен ондаған үйді су басқанын айтып отыр.

Үйінің айналасын су басып, кіріп-шығуы қиындаған Қызылсай тұрғыны
Бақтыбай Жылқыбаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, ауылдағы 70-80 үйді су басқан. Ол Рахат-1 деген ауылда су тіпті үйдің еденінен асып кеткен дейді.

Бұл турасында Қызылсай ауылының әкімшілігіндегі хатшы қыз Азаттық тілшісіне ауыл әкімінің су басқан үйлерді аралап жүргенін, қазір үйіне су кірген адамдарды тізімге алып жатқандарын айтты. Әкімдікке 30 шақты адам үйіне су кіргені туралы тіркеліп қойған.

Ал Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Бердібек Қалыбаев бұған
байланысты қазіргі кезде арнайы штаб құрылып, жұмыс істеп жатқанын
айтты. Ол да әзірге нақты қанша үйді су басқанын айта алмады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG