Accessibility links

Назарбаев университеті жеке меншікке айналуы мүмкін


Назарбаев университетінің сырт көрінісі. Астана, 28 қыркүйек 2010 жыл.
Назарбаев университетінің сырт көрінісі. Астана, 28 қыркүйек 2010 жыл.
Назарбаев университеті болашақта жеке меншікке айналады деді бейсенбі, наурыздың 1-інде университет студенттерімен кездескен президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент оқу орнының студенттерінің тегін білім алып жатқанын, тегін жатақханамен қамтамасыз етілгенін атап өтіп, мұндай тәжірибенің басқа мемлекеттерде жоқ екендігіне назар аударды.

Кездесу барысында Назарбаев университетте "Болашақ" бағдарламасының түлектері де сабақ беріп жүргенін айтып, "мемлекеттің "бағдарламаға бекерге қаржы жұмсамағанын" атап өтті.
XS
SM
MD
LG