Accessibility links

АҚШ-та Денякиннің ісі қайта қозғалды


АҚШ-та полицей қолынан қаза тапқан қазақстандық Кирилл Денякин.

АҚШ-та полицей қолынан қаза тапқан қазақстандық Кирилл Денякин.

АҚШ-тың Портсмут қаласында қазақстандық Кирилл Денякиннің өліміне қатысы бар полицей Стивен Рэнкин азаматтық сотқа тартылды деп хабарлады АҚШ-тың PilotOnline.com веб-сайты.

Сотта Денякиннің ісіне қатысты жаңа деректер пайда болған. Полицей сотта Денякиннің өзінің бұйрықтарын орындамағанын алға тартып, оны тек жарақаттау мақсатында атқанын айтады.

Ал Денякиннің отбасының қорғаушысы полицейдің айтқандарында оқиғамен сәйкеспейтін жайттар бар дейді. Қорғаушының айтуынша, полицей қауіпті асыра бағалап, қаруды шектен тыс қолданған. Бұған қоса Денякин қатты мас болғандықтан, полицейге шабуыл жасай алмас еді дейді ол.

Веб-сайттың жазуынша, сот 2 наурызға дейін болады.

Ақпанның 9-ында істі қараған Портсмут қаласының алқа соты Кирилл Денякинді атқан полиция қызметкерін айыпты емес деп тауып, істі жапқан болатын.

2011 жылдың сәуірінде Вирджиния штатының Портсмут қаласына "Work and travel" бағдарламасымен барған 26 жастағы Қазақстан азаматы Кирилл Денякинді полицей ұры деп ойлап, атып өлтірген болатын.
XS
SM
MD
LG