Accessibility links

Стамбулда партия кеңсесі жанында жарылыс болды


Түркия полициясы Стамбулда басқарушы Әділет және Даму партиясының штаб-пәтеріне жақын маңда бомба жарылып, 10 адам жараланғанын хабарлады.

"Анатолия" агенттігінің хабарлауынша, жарылыс бейсенбіде полиция автобусының жанында болған. Үш полицей жараланып ауруханаға түскен. Стамбул полициясының басшысы Хусейн Капкин бомбаның қашықтан басқару арқылы жарылғанын айтады.

Полиция жарылыс болған аумақты қоршауға алды.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG