Accessibility links

Қырғыз оппозициясы: Үкімет отставкаға кетсін


Ошта оппозиция өткізген митингі. Қырғызстан, Ош, 1 наурыз 2012 жыл.
Ошта оппозиция өткізген митингі. Қырғызстан, Ош, 1 наурыз 2012 жыл.
Бейсенбі, наурыздың 1-інде Қырғызстанның Ош қаласында өткен митингіде оппозициялық партия жетекшілері үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

Ош қаласында оппозициялық "Ата-Жұрт", "Бүтін Қырғызстан" партиялары ұйымдастырған жиында оппозиция жетекшілері билікке талап ретінде алты тармақтан тұратын үндеу қабылдады.

Онда қазіргі үкіметті отставкаға жіберіп, қайтадан кәсіби парламент құру, елде 1993 жылы қабылданған конституцияны қайта қалпына келтіру және 2010 жылғы сәуір мен маусым айларындағы оқиғаларға кінәлілерді жазалау талап етілген. Оппозиция биліктен талаптарына қатысты 15 наурызға дейін жауап күтеді.

Митингіде бұған қоса "Ата-Жұрт" партиясының жетекшілері Қамчыбек Ташиев пен Ахматбек Келдібеков наурыздың 4-інде қалалық кеңеске болатын сайлауда "Ұлт бірлігі" партиясын қолдауға шақырды. Жиналғандар Ош қаласының мэрін қолдап, "Мэльс Мырзакматов, біз сенімен біргеміз!", "Халық "Ұлт бірлігі" партиясын қолдайды" деген ұрандар ұстап шықты.

Митингіні жүргізген "Бүтін Қырғызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаровтың айтуынша, митингіге 25 мыңдай адам қатысқан. Бірақ бақылаушылар 15 мың адам қатысты дейді.
XS
SM
MD
LG