Accessibility links

HRW: Ресей оппозицияға қысымды күшейтті


Human Rights Watch ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.

Human Rights Watch ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.

Human Rights Watch ("Хюман Райтс Вотч") ұйымы Ресей билігі халықтың наразылық танытуына бір жағынан көніп отырса да, екінші жағынан оппозицияны тұншықтырып отыр деді.

Бейсенбіде таратқан мәлімдемесінде ұйым Кремльді 4 наурыздағы президент сайлауына бақылау жасайын деп отырған ақпарат құралдары, белсенділер және үкіметтік емес ұйымдарға қысым жасауды күшейтті дейді.

HRW оған мысал ретінде өткен екі айда бірқатар белсендіге шабуыл жасалып, қорқытып-үркіту болғанын алға тартады. Бұдан өзге Ұлттық резервтік банк ақпанда "Новая газета" апталығы құрылтайшысының есеп-шоттарын бұғаулап тастады.

Саяси мәселелерді жиі көтеретін "Эхо Москвы" радиосының веб-сайты хакерлік шабуылдан соң жұмыс істемей қалды. Радионың бұған қатысты шағымына құқық қорғау органдары "тергеуге ешқандай негіз жоқ" деп жауап қайырды.

Бейсенбіде сөз бостандығын қорғайтын халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымы да "Ресей танымал ақпарат құралдарын тұншықтыруға тырысып жатыр" деген мәлімдеме таратты.
XS
SM
MD
LG