Accessibility links

Сербия - Еуроодақ мүшелігіне үміткер


Брюссельде өткен Еуроодақ саммитінде Сербияға ресми түрде одаққа мүшелікке үміткер деген мәртебе берілді.

Бірақ мүшелікке өту біраз жылға созылуы мүмкін.

Сербияға мүшелікке үміткер мәртебесі желтоқсанда берілуі керек еді. Бірақ Германия Белградтан Косовомен байланысын жақсартуды талап етіп, оны кейінге қалдырған. Сербиядан 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған Косовоны Белград мойындамайды.

Сербия 1990 жылдары сол кездегі басшысы Слободан Милошевичке Балқан түбегіндегі Хорватия, Босния және Косовода соғыс ашты деп айыпталған соң, біраз уақыт оқшауланып қалған болатын.

Балқан түбегінің тағы бір мемлекеті - Хорватия Еуроодаққа 2013 жылы мүше болады. Ал Косово Еуроодақпен жақынырақ саяси және эконмикалық байланыс орнатып жатыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG