Accessibility links

Өзбекстан мешіттеріне бейне камера қойыла бастады


Өзбекстанның Наманған қаласында соңғы екі аптада 30 мешітке бейне камера орнатылды.

Азаттық радиосы Өзбек қызметінің хабарлауынша, Наманғандағы ең ірі мешіттердің бірінде аты-жөнін атамаған адам камералар намазхандарды ұрылардан қорғау үшін қойылғанын айтады.

Камера орнату жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған. Олар "билік осы әрекетімен дінге одан ары қысым жасамақ" дейді. Камераны кімнің орнатқаны әзірге белгісіз.

Өзбекстанда діни ұйымдар тіркеуден өтіп, тұрғындар тек мемлекет мақұлдаған діни ережелерді ғана ұстануы керек.

Ферғана алқабындағы Наманған қаласы - Өзбекстандағы діни мәселелерде ең консервативті бағыт ұстанатын аймақтардың бірі.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG