Accessibility links

Жаңаөзенде 42 үйді су басты


Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат-1,2,3 шағын аудандары мен Қызылсай және Теңге ауылдарында наурыздың 1-і күні 42 үй-жайды су басты деп хабарлады жұма күні төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік.

Үйлерге құлау немесе қирау қаупі төніп тұрған жоқ.

Бұдан өзге, 11 участокке су басу қаупі төнген. Қазір суды сорып алу, қарды сыртқа шығару жұмыстары жүріп жатыр. Оған құтқару қызметінің 133 адамы мен 74 техникасы жұмылдырылған дейді агенттік.
XS
SM
MD
LG