Accessibility links

Сириядағы француз журналистері Ливияға жеткізілді


Сирияда жараланған француз журналисі Эдит Бувье.

Сирияда жараланған француз журналисі Эдит Бувье.

Сириядан шығарылған француз журналистері қазір Ливияға жеткізілді деп хабарлады Франция президенті Николя Саркози.

Эдит Бувье мен Уильям Дэниелс Хомс қаласын Сирия әскері бір ай бойы қоршауға алғанда Баба Амр ауданында көтерілісшілер қолында болған еді. Өткен аптада үкімет әскерлерінің шабуылы кезінде Бувье жараланған болатын. Сол кезде француз және америкалық екі журналист қаза тапқан.

Сирия билігі кеше халықаралық Қызыл Крест комитеті мен Сирия Қызыл Жарты ай қоғамына Хомс қаласына наурыздың 2-сінен бастап азық-түлік пен дәрі-дәрмек кіргізуге рұқсат берді.
XS
SM
MD
LG