Accessibility links

Бүгін Ресейде сайлау алдындағы "тыныштық күні"


Бүгін Ресейде президент сайлауы қарсаңында тыныштық күні. Бұл күні сайлау алдындағы үгіт-насихаттың бәріне тыйым салынған. Тыйым ел аумағындағы сайлау учаскелері жабылғанша - наурыздың 4-і күнгі сағат 21.00-ге дейін (Мәскеу уақытымен) созылады.

Сайлау учаскелеріне веб-камералар орнатып, сайлау барысын интернет арқылы бақылайтын webvybory2012.ru интернет-порталына тіркелу де бүгін аяқталады. Бір ай бұрын ашылған бұл сайтқа бүгінге дейін 500 мың интернет қолданушы тіркелген.

Ресей президенттігінен үміткерлер - 5 кандидат: Владимир Жириновский, Геннадий Зюганов, Владимир Путин, Сергей Миронов және Михаил Прохоров. Президент алты жыл мерзімге сайланады.
XS
SM
MD
LG